Президенттің айтуынша, биыл инфляция кем дегенде 2 есеге түсуі керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкіметтің алдына бірнеше тапсырманы айтып, атқарылуы тиіс шаруаларды жіпке тізіп берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Президенттің айтуынша, биыл инфляция кем дегенде 2 есеге түсуі керек. Аймақтарды дамытып, инфрақұрылымды дамытуды тапсырды. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақыны да біршама арттыруға пәрмен берді. Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау шараларын күшейту бастамасын қолдайтынын жеткізді.
«Үкіметтің беріп жатқан ақшасы мүгедектігі бар адамға пенсия ретінде төленеді. Егер ол ақшаға айналса, көп сұрақ жауабын табар еді. Біріншіден, ол өзіне қажетті дәрі сатып алады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейітжан.
Президент тұрақты экономикалық өсім жылына кем дегенде 4 пайыз болуы керегін айтты. Сондықтан экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгерту қажет. Яғни, жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру басты мақсат болатынын жеткізді. Айдарбек Қожаназаров Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасын қолдайтынын атап өтті.