Газ баллонын жанармай құю бекетінен заңсыз толтыратындар көбейген

Inform.kz
Inform.kz
Биыл тұрмыстық баллондардың жарылуы және газбен улану бойынша 55 жағдай тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықтың көпшілігі газ баллонын жақын маңдағы жанармай құю бекетінен заңсыз толтырады. Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаевтің сөзінше, соның салдарынан жарылыс саны көбейген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, осы жылы тұрмыстық баллондардың жарылуы және газбен улану бойынша 55 жағдай тіркелген. Соның ішінде, 55 жағдайдың 36-ы тұрмыстық баллондарды пайдаланумен және олардың ақауымен тікелей байланысты. Сонымен қатар газбен жабдықтау объектілерін тексеру барысында 1 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған. 

«Бүгінде тұрмыстық баллонын автогаз құю бекетінде толтыру өзекті мәселе болып отыр. Айта кету керек, жанармай құю бекетінің операторы маман емес. Ол газ баллонының техникалық жарамдылығын тексермейді. Сондай-ақ газ баллонды толтыру нормасын сақтай бермейді. Мұның бәрі, сайып келгенде, тұрмыстық газ баллонының қауіпсіздігі мәселесін елемеуді білдіреді», – деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев.

Новости партнеров