Алматыда есірткі бизнесіне қарсы мобильді қосымша іске қосылды

иллюстративное фото
иллюстративное фото
Кез-келген тұрғын қосымшаның көмегімен полицияға хабар бере алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының тәртіп сақшылары есірткі бизнесіне қарсы су жаңа мобильді қосымшаны таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан былай әр адам көшелерден синтетикалық есірткінің жарнамасын көрсе, дереу суретке түсіріп, «стоптрафик» қосымшасы арқылы полиция департаментіне жіберуіне болады.

Бұл іске жауапты мамандар ақпарат құпия сақталатынына кепілдік береді. Сонымен қатар қосымша қолданушыларының да жеке ақпараттары ешқайда жарияланбайтынын жеткізді. Ал, тәртіп сақшылары мәлімет орталыққа келіп түскеннен кейін 7 мен 20 минут ішінде көрсетілген мекен-жайға жетеді дейді олар.

«Бұл мәлімет онлайн режимде полиция қызметкерлеріне тап сол сәтте келіп түседі. Аталған жоба бойынша тек полиция қызметкерлері ғана жұмыс істейді. Арнайы талдау, мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, олардың жұмысын жедел уәкілдер тексеріп отырады», – дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Новости партнеров