Саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы тың дерек айтылды

Саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы тың дерек айтылды
Бүгін Алматыда өткен дөңгелек үстелде репрессия құрбандарының ішінде дін өкілдерін зерттеу үшін құрылған арнайы топ арнайы баяндама жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында арнайы құрылған мемлекеттік комиссия мүшелері өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы зұлматқа қатысты тың деректерді таныстырды. Қазір оларды зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр екен. Бүгін Алматыда өткен дөңгелек үстелде  репрессия құрбандарының ішінде дін өкілдерін зерттеу үшін құрылған арнайы топ арнайы баяндама жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ақпараттардың көбісін сараптау керек. Кейбір ақпараттар елдің аузында ауызша әңгімелер. Кейбір адамдардың сотталуы қағаз жүзінде тіркелмей жүргізілген. Мемлекеттік комиссия ретінде тың ақпараттар өте көп. Сондықтан кейбір ақпараттар жартылай шыққан. Кейбір адамдардың құжаттары әлі күнге дейін біз үшін құпия», – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Керім Шамшәдин,

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Бүгінде аталған іске жауапты өкілдерге нақты 4 міндет жүктелген.

«Шынайы реабилитация, шынайы ақтау процесі Кеңес одағы ыдыраған дәуірден басталады. Оның алдында қайта өрлеу дәуірін айтуымыз керек. Негізі 1989 жылдан басталды. Ал 91 жылдары әрбір одақтас республика ақтауды мемлекеттік деңгейде жүргізді. Оның ішінде алдығы қатарда Қазақстан Республикасы болды. 1992 жылы республикалық комиссия құрылған», – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов.

Новости партнеров