Облыстың 9 ауданында Есіл өзені мен көлдерде 43 ойық жасалды
Солтүстік Қазақстан облысында Шоқыну мерекесіне орай өзен-көлдерде жасалған ойықтар маңында тәртіп сақшылары кезекшілік атқарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, православтықтардың мейрамына орай Петропавл қаласында және облыстың 9 ауданында Есіл өзені мен көлдерде 43 ойық жасалды.
Ол жерлерде қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицияның 274 қызметкері және 25 қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Петропавлда қала тұрғындары екі жерде суға шомылып, үйлеріне су ала алады. Оның бірі – Речной порт ауданында орналасса, екіншісі Подгора ықшам ауданы жақтағы қалалық жағажайда. СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, Петропавл қаласында таңғы сағат 7.00-ден бастап бұл екі орында құтқарушылар, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге 132 полицей кезекшілік атқарып жүр. Биыл мұздың жылдағыға қарағанда жұқа болуына байланысты құтқарушылар мен полицейлер халықтың қауіпсіздігіне баса мән беріп, олардың ойық маңына кезекпен баруын қадағалауға алған. Арнайы қызметтер