Алматының негізгі тас жолдарында үш жылда 1365 метр электр сымы ұрланған

10.09.2019 23:30

Қазірдің өзінде бұл жауаптыларды 6-7 миллион теңгеге шығынға батырып отыр

Республикалық маңызы бар Алматы-Қорғас, Алматы-Қапшағай тас жолының бойында соңғы үш жылда 1365 метр электр сымдары ұрланып, үш трансформатор тоналған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осылай деп шағымданған «ҚазАвтоЖол» кәсіпорының өкілдері ұрыларды құрықтауға Алматы облыстық  Полиция департаментінің қызметкерлері  қауқарсыз  болып отыр дейді. Ал қоғамдық тәртіпті  қадағалуы  тиіс құқық қорғау органдары бұл уәжбен келіспейді.

Ұрылар соңғы үш жылда осындай трансфарматордың үшеуін тонаған. Алдымен трансфарматорды электр сымынан ажыратып, құлпын сындырып, ішіндегі бағалы металдарды қолды еткен.

«Биыл 20 шілдеде 1365 метр кабель ұрланды», – дейді зардап шегушілердің бірі Ален.

Трассаға жауаптылардың айтуынша, бұл бір ғана факті емес. Ұрылар ебін тауып, құны қымбат трансформатрлардың  бағалы металдардын  бірнеше  мәрте  ұрлап кеткен. Қалпына келтіру оңай емес, қыруар ақша кетеді. Қазірдің өзінде 6-7 миллион теңгеге шығынға батып отырмыз. Бізге араша түсетін ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің әрекеттерінен түк шықпай отыр дейді.

«Полиция қызметкерлерін шақыртып, сол жерде акт жасап, бір күннің ішінде қағаз жүзінде хабарланады. Бүгінгі күнге дейін полиция қызметкерлерімен бірде-бір факт шешілмеді», – деді ақылы участке басшысы Берік БЕКМАҒАМБЕТОВ.

Ал, Алматы облыстық  Полиция департаменті өкілдерінің  айтары басқа. Олардың хабарлауынша арыз бойынша қылмыстық іс қозғалып, бір емес бірнеше мәрте ұрылар оқиға орнында ұсталған. Бірақ, ұрылардың қолды қылған заттарды қайтаруы нәтижесінде жәбірленуші тарап арыздарын қайтарып алып, іс жабылып отырды дейді.

«Осы жылдың 20-26 наурызы аралығында Алматы облысы, Іле ауданы аумағында «ҚазАвтоЖол» кәсіпорнына қарасты ақылы жол бойында трансфарматор ұрлау фактісі тіркелді. Оқиға орнында Қарасай ауданының 1987 және 1970 жылғы азаматтары ұсталды. Екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде қылмыстық іс тоқтатылды», – дейді Алматы облыстық Полиция  департаментінің  ресми  өкілі Сергей НЕЗНАЕВ.  

Оқиға осылай жалғаса берсе, бірер жылда жол бойы толық тоналып, республикалық маңызы бар тас жол жарықсыз қалуы мүмкін дейді электр сымдарын өздері күзетуге көшкен «Қазавтожолдың» басшылары.