Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге 6 айға шектеу енгізілді
gov.kz
Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«23 маусымнан бастап 60 мың бас торпақ мөлшерінде тірі ірі қара малды, 120 мың бас еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты айға сандық шектеулер енгізіледі», - делінген хабарламада.
Құжатта торпақтар мен қошқарларды ветеринариялық сертификат болған кезде ғана Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат етілетіні аталып өткен.
Сонымен қатар 30 маусымнан бастап ірі қара малды және ұсақ малды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37