Депуттарға қазақ тілін үйрету үшін қаражат бөліне ме

28.03.2022 23:31

Депутат мемлекеттік тілді жетік меңгеру маңызды екенін айтты

Almaty.tv

Депуттарға қазақ тілін үйрету үшін қаражат бөлінсе артық болмайды. Мәжіліс депутаты Наталья Деменьтеваның айтуынша, қазір олар тілді меңгеру үшін өз қаражаттарын жұмсауға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  


Заң шығарушы органда қызмет етіп жүргендерге күнделікті ауызекі сөйлеу жеткіліксіз. Әртүрлі саланы қамтитындықтан, мемлекеттік тілді жетік меңгеру маңызды деп санайды.  

«Мұғалім ретінде айтатын болсам, қазақ тілінде қарым-қатынас жасау, қазақ тілінде еркін сөйлеу, қарым-қатынасты білу бір бөлек. Ең алдымен, термин сөздерді білуіміз керек. Егер қазақ тілін оқыту методикасына назар аударар болсақ, бұл мүлде басқа әдістеме. Жалпы депутаттардың қазақ тіліне деген қатынасына назар салатын болсақ, олардың бәрі өз ақшасына репититор жалдап үйреніп жүр», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева.