Мемлекет басшысы сапар барысында бірқатар елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекет басшысы сапар барысында бірқатар елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған», – деп жазды Берік Уәли.