Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді
Бірінші наурыздан бастап елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Бұл жолы он үш жарым мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы азаматтар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын толықтырады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді. Оның сөзінше, әскерге шақырылушылардан екі рет, яғни, әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде ПТР тест алынады.
«Пандемия жағдайында халықпен тікелей қарым-қатынас жасауды азайту, сондай-ақ көктемгі әскерге шақыру барысында хабардар ету процессін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскерге шақырушыларға смс хабарламалар тарату жоспарлануда»,– деді ҚР Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов.