Қаңтар оқиғасының алғашқы қатысушыларына рақымшылық жасалды
Almaty.tv
Бұл туралы Бас Прокуратура өкілі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қаңтар оқиғасының алғашқы қатысушыларына рақымшылық жасалды. Бұл туралы Бас Прокуратура өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елдос Қилымжановтың айтуынша, қазір атқарушы органдар 878 сотталғанға қатысты мерзімін қысқарту және жазадан босату туралы ұсыныс жолдаған. Тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында орта дәрежелі қылмысты жасаған 5 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатыпты.
«Барлық істер бойынша 3000-нан астам сараптама жүргізілді. 1249 адамға қатысты 552 іс сотқа жолданып, 1113 азамат, оның ішінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін 423 адам сотталды», – деді ҚР Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41