Баланының дамуы үшін ата-ана құшағының өте маңызды екені дәлелденді

кадр из видео Almaty.tv
кадр из видео Almaty.tv
Өйткені құшақ жай ғана қимыл-қозғалыс емес, ол – жақсы көргеніңді білдірудің тәсілі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдік ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей бүлдіршінді жиі құшағыңа алған сайын мидағы реакция күшті болады. Қысқасы, бүлдіршіннің жетілу процесі жылдамдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондықтан дәрігерлер сәбиіңізге аялы алақанды сездіртуді әдетке айналдыруға кеңес береді.

Мадина Мүсілім – екі баланың анасы. Оның екінші баласын дүниеге әкелгеніне 4 ай болды. Қазір келіншек бала күтімімен үйде отыр. Босанар алдында ол бала тәрбиесі мен күтімі жайлы көп ізденіп, біраз кітаптарды ақтарыпты. Тіпті, дәрігерлерден кеңес алып, үлкен дайындық жүргізген.

«Сәбимен алғаш кездескенде оның бойында махаббат гормоны көбейеді екен. Сондықтан балаға ол гормонды кішкентай кезінен көп беру керек. Баланы жиі құшақтау керек. Онымен сөйлесу керек. Сонда бала ешқандай депрессияға да ұшырамайды және ақылды болып өседі», – дейді Мәдина оқығандарымен бөлісіп.

Ана сүйіспеншілігі мен аялы алақаны бала миының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Мұны шетелдік ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Ата-анасы жиі құшақтаған бала зерек болып өседі. Өйткені құшақ жай ғана қимыл-қозғалыс емес, ол – жақсы көргеніңді білдірудің тәсілі. Құшақтау баланың бойындағы «сезімталдық гормонын» үдетеді. Ал ол баланың психикалық қалпын жақсартады.

Баланы құшақтаған кезде окситоцин гормоны бөлінеді. Ол ана мен сәби арасындағы сезімталдықты қалыптастырады. Сондықтан, дәрігерлер сәбиді құшаққа қысудың өте маңызды екенін әрбір анаға түсіндіріп отырамыз дейді.  

«Жас босанған ана баланы емізе бастаған кезден ананың бойынан окситоциннің бөлінуі күшейеді. Бұл окситоцин ананың балаға деген мейірімін ғана ашпайды, сүтті көбейтеді. Себебі сүт бездерінің ішінде сүттің өзекшелері бар. Ол жерде бұлшық еттер орналасады және окситоцин бұлшық еттердің жиырылуына көмектеседі», – дейді ҚР ДСМ «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК акушер-гинеколог дәрігері Жанар ҚОҚЫМБЕКОВА.

Перизат Көмекбайқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров