Алматыда жасотандықтар 800 дәрігерге «денсаулық» себетін сыйлады

15.07.2020 в 23:34

«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында жүзеге асқан игі шара

Алматыда «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері 800 дәрігерге «денсаулық» себетін сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынтық иммунитетті арттыруға және нығайтуға арналған өнімдерден құралған. «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында жүзеге асқан игі шара мақсаты – жастар атынан алғыс білдіру, қолдау көрсету. Олар ұлт саулығы үшін алдыңғы шепте жүрді. Кейбіріне тіпті екінші өмір сыйлады. Медицинаның тірегі һәм жүрегі бола білген ақ халатты абзал жандардың бұл ерліктері ел жадында қалары сөзсіз.

«Қазір қоғам батырлары деп жатырмыз. Мыңдаған адамның өмірін сақтап жатқан дәрігерлерге қалалық «Jas Оtan» жастар қанатының атынан кішігірім алғыс айту мақсатында денсаулық пакетін табыстадық. Оның ішінде лимон, шәй деген сияқты заттар бар. Бұл әрине үлкен нәрсе емес, бірақ аз да болса жастардың атынан алғыс», – деді қалалық «Жас Отан» жастар қанатының еріктісі Бибінұр Байжігітқызы.