Мемлекет басшысы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді

21.01.2021 23:34

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-де жазды

Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-де жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», –деді Тоқаев.