|
14.08.2023 | 18:34
5210

«Алматы» телеарнасы ұжымының мәлімдемесі

«Алматы» телеарнасы ұжымының мәлімдемесі фото ашық дереккөзден / из открытых источников

Құрметті достар! Бүгін алаңдатарлық бір жағдай болды. Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жастағы Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты сот ісі өтіп жатқан Алматы гарнизонының әскери соты маңында біздің әріптестерімізге азаматтық белсенді Белялов Байбах күш көрсеткен. 

Нақты бір себебін айтпай, түсірілім тобына шабуылдаған азамат журналист пен телеоператорға дене жарақатын салып, бейнекамера штативін сындырған. Онымен қоймай, әріптестерімізге мұнымен тоқтап қалмайтынын айтып қорқытқан, балағат сөз айтқан.

Біз Айкөркем Мелдеханның қазасына қайғырамыз, бұл оқиғаға бей-жай қарамаймыз. Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне күш көрсетуді тәртіпсіздік һәм заңға қайшы әрекет деп санайтынымызды жеткізгіміз келеді. Осы тұста кінәлі азаматқа заң шеңберінде шара қолданылуын талап етеміз. 

Елдің Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраймыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир