Алматыда уланған балалар тәуліктік стационарға жатқызылды
Almaty.tv
Төртеуі ем қабылдап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қонақ үйлерінің бірінде дезинфекциядан уланып қалған 4 баланың қазіргі жағдайы орташа ауыр. Олар тәуліктік стационарға жатқызылды. Бұл туралы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Павлодар облысынан келген 7-15 жас аралығындағы 17 жасөспірім жәндіктерге қарсы химиялық улаудан соң, өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Төртеуі ем қабылдап жатыр.
"Балалар келген кезде олардың басы айналып, жүрегі айныды. Бүгінде балалардың жағдайына байланысты ертең немесе арғы күні шығады. Жағдайы тұрақты. Ем нәтижесі оң", - деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40