Кезектен тыс президент сайлауына қатысатын үміткерлерге қанша теңге бөлінеді

28.09.2022 23:35

Барлық үміткерге бірдей сома беріледі

Almaty.tv

Кезектен тыс президент сайлауына қатысатын үміткерлерге 10 миллион 312 мың 600 теңгеден бөлінеді, деп хабаралайды Almaty.tv.

Кандидат оның 500 мыңын транспорттық шығындарға жұмсайды. 800 мың теңгесін үгіт насихатқа төлесе, өзінің сайлауалды бағдарламасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға 9 миллион 12 мың 600 теңге бөлініпті. Орталық сайлау комиссиясы барлық үміткерге бірдей сома беріледі дейді.

«Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткердің республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы қаулысының жобасы дайындайлды. Қаулы жобасымен Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттың шығыс мөлшері 10 миллион 312 мың 600 теңге көлемінде белгіленіп отыр», – деді ОСК мүшесі Сәбилә Мұстафина.