14 тамызда мониторингтік топ алдын алу мақсатында осы мекемеде қайта рейд жүргізеді
Алматыдағы 14 тамызға жоспарланған жасырын той өтпейтін болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін мониторинг тобы қала тұрғындарының бірі шағымданған мейрамхананы тексерген.
Бұған дейін жасырын той жайлы ақпаратты Алматы тұрғыны қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде айтқан болатын.
«Бүгін мониторинг тобы осы нысанға барды. Шара тоқтатылды. Мейрамхана басшылығымен карантин талаптарының сақталуы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.
Сонымен қатар, мониторинг тобы 14 тамызда мониторингтік топ алдын алу мақсатында осы мекемеде қайта рейд жүргізеді.