Алматыда «Еріктілер аллеясы» ашылды

04.11.2020 00:10

Салтанатты ашылу жиынына Жетісу ауданы әкімдігі өкілдері, аудан ақсақалдары мен жергілікті мәслихат депутаттары қатысты

almaty.tv

Алматыда «Еріктілер аллеясы» ашылды. Жас Отан жастар қанатының ұйымдастыруымен қаланың 20-дан астам еріктілер ұйымы шырша ағашын отырғызып, жеке тақтайшаларын орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу ауданы әкімдігі маңыннан орын алған бұл аллея еріктілер жылына орай ашылған. Салтанатты ашылу жиынына Жетісу ауданы әкімдігі өкілдері, аудан ақсақалдары мен жергілікті мәслихат депутаттары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, маңызы зор бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

«Бұның символдық мәні бар деп ойлаймыз. Біріншіен, бұл – қаламыздағы «Жасыл Алматы» бағдарламасын жүзеге асыру, экологиямызды жақсарту. Мәдениетті волонтерлардың алдында қалыптастыру. Екіншіден,  бұл  Қазақстанда  волонтерларға арналып ашылып жатқан тұңғыш аллея болғандықтан, символдық мәні өте үлкен деп білемін», – деді қалалық Jas Otan жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.