Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері алғашқы видеосын жариялады
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Instagram-да аккаунт ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қазіргі таңда халық ақпаратты әлеуметтік желілерден алады, сондықтан мен сіздермен қаламыздың эпидемиологиясы, ауру жұқтыру және қиындықтар туралы барлық ақпаратты Instagram-да бөлісемін»,– деді Ж. Бекшин парақшаға жариялаған алғашқы видеосында.
Еске салайық, Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қоңыр-қызыл» аймақта орналасқан.