Журналистер арасында өткен байқауда "Алматы" телеарнасының тілшісі жеңімпаз атанды

Журналистер арасында өткен байқауда "Алматы" телеарнасының тілшісі жеңімпаз атанды
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 200-ден аса жұмыс келіп түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Журналистер арасында өткен байқауда «Алматы» арнасының тілшісі Өмір Ануарбек жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма мен «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастырған журналистер арасында өткен Дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған байқауда «Үздік теледидар жанры» аталымы бойынша «Алматы» арнасының тілшісі жеңімпаз атанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 200-ден аса жұмыс келіп түскен.

Байқау шарты бойынша үздік материалдар бірнеше аталым бойынша анықталды. Атап айтқанда «Үздік теледидар жанры», «Мерзімді баспасөздегі ең үздік мақала», «Интернет-ресурстағы ең үздік мақала», «Интернет желісіндегі ең үздік видеоролик» және «Ең белсенді блогер». Байқауға қатысқан журналистер  діни заңнама нормаларын түсіндіру, конфессияаралық келісім мен толеранттық, деструктивті ағымдардың қаупі, діни экстремизм және терроризммен күрес, оның алдын алу сияқты өзекті мәселелерді көтерген.

Байқауға Алматы қаласындағы жергілікті және республикалық БАҚ-та істейтін журналистер қатысқан. Олардың қатарында тілші, сарапшы ғалымдар мен блогерлер де бар.

Жеңімпаз атанған журналистердің барлығы арнайы дипломмен марпатталып, арнайы сыйлық табысталды.

Новости партнеров