Сыртқы жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын талап ететін құжат қабылданды

Almaty.tv
Almaty.tv
Заң жобасының мақсаты – сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшадағы, басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Парламентте сыртқы жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын талап ететін құжат қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Заң жобасының мақсаты сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшадағы, басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы. Бұдан басқа дін саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін нормалар енгізілді. 

«Сенат «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру, діни іс-шараларды ғибадат үйлерінен тыс жерде өткізу үшін енгізілетін хабарлама тәртібін рәсімдеу әрі нақтылау бөлігінде түзетулер енгізді», – деді ҚР Парламенті Мәжісілінің депутаты Жәмилә Нұрманбетова.

Ал депутат Азамат Әбілдаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кредит амнистиясын жариялауды ұсынды. Мәжілістің бір топ депутаты халықтың банктер алдындағы берешегінің күн санап көбейіп жатқанына алаңдаулы.  

«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасы керек деп жүргеніне он шақты жыл болды. Бұл бастаманы сол кезде қаржы министрлігі іліп әкеткенімен, осы күнге дейін үнсіз қалып отыр. Жалғыз пәтерін кепілдікке қойып, несие алып, өз ісін бастаған азаматтардың 90 проценті бүгінде кредитті қайтара алмай, банкрот болды. Өйткені 28 жылда ұлттық валютамыз 95 есе өз құнын жоғалтыпты. Банкттің тілімен айтқанда, 9 500 пайызға құнсызданды. Бұған қандай кәсіпкер төтеп бере алады!?» – деді  ҚР Парламенті Мәжісілінің депутаты Азамат Әбілдаев.

Новости партнеров