Теріс қылық көрсеткендерге тағы бір мүмкіндік беріледі

elements.envato.com
elements.envato.com
Заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теріс қылық көрсетіп, жұмыстан шеттетілген мемлекеттік қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Заң жобасын 28 ақпанда Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттардың айтуынша, қазіргі қолданыстағы талаптар Ата заңда көрсетілген нормаға сай келмейді. Осылайша, оларды өмір бойына қызметтен шектеу тәртібі алынып тасталынбақ. Жоғары палата отырысында маңызды құжатты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы таныстырды. Дархан Жазықбайдың айтуынша, қайта жұмысқа тұру үшін енгізілетін өзгеріс мемлекеттік қызметтегі сапаның артуына мүмкіндік береді.

- Мерзімсіз тыйым салудың орнына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауды шектеудің 2 жылдық мерзімі белгіленеді. Заң жобасында мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі шектеулерді салааралық саралау көзделген, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы 5 есеге артуы мүмкін

Новости партнеров