Жастар есірткіге қарсы: Алматыда «Жас Отан» жастар қанаты акция өткізді

03.11.2021 23:37

Шара Медеу ауданы әкімдігі мен аудандық полиция басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды

Almaty.tv

«Жастар есірткіге қарсы!» Бүгін осындай атаумен Медеу ауданының «Жас Отан» жастар қанатыны акция өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шара Медеу ауданы әкімдігі мен аудандық полиция басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Акция аясында тұрғын үйлер, гараждар мен әкімшілік нысандардың қабырғаларына бояумен жазылған есірткіні насихаттайтын трафареттер мен граффитилер өшірілді.   

«Бұл акция біздің тарапымыздан тоқтап қалмайды. Сәйкесінше, қаламызда «Жас Отан» жастар қанаты әрқашан белсенді. Қала тұрғындарын акциямызға қосылуға шақырамыз. Бояу – бізден, қатысу – сізден. Біз өз тарапымыздан жастарды есірткіден аулақ болуға шақырамыз», – деді Медеу аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Мақсат Шегебаев.