|
15.05.2019 | 19:09
4175

Мұрат Асқароғлының ісі: куәгерлер сотта екі сөйледі

Келесі отырыста сотқа дейінгі тергеуші мен куәгерлер беттесетін болды

Мұрат Асқароғлының ісі: куәгерлер сотта екі сөйледі

«Ішімдік ішіп, туған ұлын өлтірмек болды» деп айыпталған Мұрат Асқароғлының ісі бойынша куәгерлер кезекті тыңдалымға шақырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар сотталушыға оң мінездеме берді. Әрі Асқароғлының ащы суды аузына алмайтынын айтып, тек алкоголсіз сыра тұтынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, куәгерлердің сөзінше, кілемге оралған күйде шала-жансар жатқан өз баласын көрген әке есінен танып қалған.

«Сенбі күні Мұрат бәріміз жұмыстан соң сыра іштік. Бірақ ол алкогольсіз сыра еді. Кейін мен кетіп қалдым. Ал, дүйсенбі күні барлығымыз жұмысқа шықтық. Мен сағат түскі 11 шамасында келсем, Мұрат жұмыста екен. Бір кезде әлеуметтік желіден жол бойында жатқан баланы көріп едік, Мұрат есінен танып қалды», – дейді куәгер Искандер МУСАЕВ.

Дегенмен, сотқа шақырылған қос куәгер бастапқы тергеу кезінде берген жауаптарынан жаңыла бастады. Прокурордың сөзінше, олар бұған дейін Асқароғлының спирттік ішімдік ішкенін айтқан болатын. Ал, сот кезінде олар бұл сөздерінен тайып, «Мұрат тек алкогольсіз сыра тұтынды» деп шыққан. Осыны ескерген мемлекеттік айыптаушы келесі тыңдалымға істі сотқа дейін тергеген тергеушіні шақырып, куәгерлермен беттестіруді ұсынды. Судья бұл өтінішті қанағатандырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир