Алматыда тұрмысы төмен отбасылардың үйіне улы газды анықтайтын датчик орнатылды

иллюстрированной фото: ilovealmaty.kz
иллюстрированной фото: ilovealmaty.kz
Көп жағдайда улы газдың түзілуіне өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл басынан бері тұрғын үй секторында 222 өрт тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда төмен. Дегенмен, биыл қызыл жалыннан зардап шеккендер саны күрт артқан. Мәселен, өткен жылыту маусымында 28 адам газдан уланған. Сараптама жасаған мамандар адам өлімінің 75 пайызы көгілдір отынды дұрыс пайдаланбағаннан болды деп отыр. Көп жағдайда улы газдың түзілуіне өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп. Алматыда қатты отынмен жылынатын 1900-ге жуық тұрғын үй бар. Оның 605-інде халықтың әлеуметтік осал тобына жататан отбасылар тұрады. 

«3 жылдың ішінде 1181 датчик орнатылды, бұл датчиктер көбінесе халықтың әлеуметтік жағынан осал және тұрмысы қолайсыз топтарының үйлерінде орнатылады. Сонымен қатар, тұрмыста өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау туралы 3722 жадынама таратылды, бұрын орнатылған датчиктердің жұмысқа қабілеттілігі мен оларға техникалық қызмет көрсету тексерілді», – деді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Арман Байгелов.

Мамандар халыққа жылыту маусымы кезінде қарапайым сақтық шараларын естен шығармауға кеңес береді. Жылыту пештері, газ құралдарының жанына жанғыш заттарды қоймау, ақауы бар электр розеткаларын қолданбау керектігін ескертеді. Бастысы, жылу маусымы басталмас бұрын алдын ала дайындық жасаған жөн дейді. 

Новости партнеров