Ата-аналар мектеп әжетханасына шағымданды

23.09.2019 23:40

"Тіпті, есіктері де жоқ, күлімсі иіс қолқаны қабады", - деді олар

«Оқушылар әрең шыдап жүр». Алматылық ата-ана қаладағы №30 мектеп гиназиясындағы әжетхананың суретін әлеуметтік желіге жариялады,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Оның айтуынша балаларды соңғы сабаққа дейін сонда баруға мәжбүрлейді. 

"Тіпті, есіктері де жоқ, күлімсі иіс қолқаны қабады. Екі жыл бойы шағымданып жүрміз", - деген ата-ана ештеңе өзгермей келеді деген әлеуметтік желідегі жазбасында.