Алматыдағы аудан әкімдері көпбалалы аналармен қашан кездеседі

31.08.2022 23:41

Қала әкімі 2022 жылдың қыркүйек айына аудан әкімдерінің көп балалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуге барлығы 246 көпбалалы отбасы қатысты, әкімдерге 227 сұрақ қойылды. Оның ішінде 144-і бойынша түсініктеме берілді, 62 мәселе кездесуден кейін пысықталды, тағы 69 өтініш бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Негізгі сұрақтар:


  • Білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, т.б.) – 68 (27%);
  • Тұрғын үй алу (кезекке қою) – 46 (19%);
  • Әлеуметтік жәрдемақы (АӘК, азық-түлік жиынтығы) – 36 (15%);
  • ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 23 (9%);
  • Жұмысқа орналастыру – 15 (6%);
  • басқалары – 58 (24%).


Қала әкімі 2022 жылдың қыркүйек айына аудан әкімдерінің көп балалы аналармен кездесуінің тиісті кестесін бекітті.

Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.