Оның орнына депутат Қайрат Құдайберген сайланды
Сессияда депутат Арманжан Байтасовтың өкілеттігін жеке өтініші негізінде тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді Арманжан Мерекеұлы еліміздің және шекаралас мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылатын ауқымды медиа жобаны іске асырумен түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
А.Байтасов «Nur Otan» партиясының мандаты бойынша сайланғандықтан, партияның қалалық филиалы Бюросының шешімімен белгілі құрылысшы, Қазақстан Республикасы Құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы Ералы Сауранбаев А. Байтасовтың орнына Мәслихат депутаты болып сайланды.
Мәслихаттың кәсіпкерлікті, инновацияларды, ақпараттық технологияларды және креативті индустрияны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Қайрат Құдайберген сайланды.