Бүгін Наурызбай ауданындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарасай шекара басқармасында Президент жолдауының негізгі бағытын түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары мен әнші Бағлан Әбдірайымов арнайы келді. Жас сарбаздарға Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформаларды қарапайым тілде жеткізіп, олардың патриоттық рухын көтеретін әңгімелер айтылды. Мұндай түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта өзге мекемелерде де жалғасын таппақ.
«Құқық қорғау, заң шығару, әлеуметтік-экономикалық даму ісіне арналған жоспарлар мен жетістіктер және болашақта атқарылатын жұмыстармен таныстырдық. Кездесу сұрақ-жауап түрінде өтті,» – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.