Медициналық көмек қажет болмады
Маңғыстау облысында 10 жастағы бала суға кете жаздады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай, оны жағадан үрлемелі шеңберде 250 метр қашықтықта ағынмен алып кеткен. Құтқарушылар Каспий теңізінің жағалауында профилактикалық іс-шаралар өткізуі барысында жеткіншектің желдің жылдамдығымен ығып кеткені туралы хабарлама алған. Абырой болғанда бала дін аман, жағаға жеткізілген. Медициналық көмек қажет болмады.
– Кезекшілік барысында Құрық ауылында сағат 19:15-те теңіз жағасынан 250 метр қашықтықта үрмелі шеңбердегі бала байқалды. Әріптестер баланы құтқарып, ата-анасына тапсырды, – деді ТЖД бас құтқарушысы Альберт Омаров.
Оқи отырыңыз: Атырауда 9 адам суға батып кетті