Бақытжан Сағынтаев Бостандық пен Медеу аудандарының бірқатар нысандарын аралады

Zakon.kz
Zakon.kz
Нысанды аралау кезінде қала әкімі Алматыдағы емен аллеясы сияқты ғажап дүниелерді сақтап қалуға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Медеу және Бостандық аудандарындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап шықты. Алдымен «Таулы қырат» ықшам ауданында қала басшысына спорт алаңының жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тұрғындардың шағымы бойынша Медеу ауданына барған Бақытжан Сағынтаев жергілікті әкімдерге мұндағы абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын жетілдіруді тапсырды. Әсіресе, Есентай жағалауына оңай түсудің құрылысын қарастыру ерекше назарға алынды.

Одан бөлек, қала басшысы музыкалық орталықтың құрылысымен танысты. Нысанды аралау кезінде қала әкімі Алматыдағы емен аллеясы сияқты ғажап дүниелерді сақтап қалуға шақырды. 

Бұдан кейін, ол «Сакура» және «Ремизовка» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен де танысты. Халықаралық трамплин кешенінде шаһар басшысына құрылыс нысанын дамыту жұмысы көрсетілді.

Новости партнеров