Алматылық жасотандықтар «Мен жауапты донормын» акциясы аясында 10 литр қан тапсырды

19.11.2020 23:45

Акцияға 30 донор қатысты

пресс-служба

«Jas Otan» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының белсенділері «Мен жауапты донормын» акциясы аясында 10 литр қан тапсырды. Акцияға 30 донор қатысты, оның ішінде жасотандықтар, еріктілер және қала тұрғындары бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Акцияны өткізу алаңы Алматы қалалық қан орталығы болды.

«Мен бірінші рет қан тапсырған жоқпын, карантинге дейін мен үш айда бір рет донор болдым. Мұндай акциялар алдағы уақытта да өткізілетініне сенемін. Біз барлығымыз бірігіп, қанға мұқтаж жандарға көмек көрсете аламыз», – дейді қала тұрғыны Ақбота Бүркітбаева.

Жастар арасында алғаш рет қан тапсырғандар да болды. Аида Орынбаеваның айтуынша, ол бүгін алғаш рет қан тапсырған.

«Бәрі жақсы болды, маған ұнады. Мен бұл өте қорқынышты деп ойладым. Бірақ тамырдан қан ала бастағанда, айтарлықтай ештеңе жоқ екенін түсіндім. Енді бұл игі істі тұрақты түрде жалғастырамын. Акцияны ұйымдастырушыларға рақмет, өйткені бәріміз бірге болған кезде – қан тапсыру соншалықты қорқынышты емес екен. Әсіресе, біреуге көмектескенім, тіпті біреудің өмірін сақтап қалдым деген ой мені қуантады», – деп өз әсерімен бөлісті ол.

Акция қан донорлығына жастардың назарын аударуға, жас және дені сау донорлардың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ ынталандыруға бағытталған.