Алматыдағы № 165 балабақша ұжымы Халықаралық отбасы күнін тойлады

15.05.2019 23:46

Бөбекжайға тек бүлдіршіндер ғана емес, олардың ата-ана, әжелеріне дейін келіп, бұл күннің көңілді өтуіне ат салысты. 4 командаға топтасқан отбасылар асық, теңге алу, тымақ ұру сынды қазақтың ұлттық ойындарынан жарысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Отбасының ең негізгі қызметі – бала тәрбиесі. Алдымен отбасы, сосын біз тәрбиелеп, балалардың бойына әлеуметтік ортаның барлық жақсы қасиеттерін сіңіреміз. Міне, сондықтан да бәріміз бірлесе отырып үнемі осындай жарыстар ұйымдастырамыз», – дейді балабақша меңгерушісі Зада ӘМІРӘЛИЕВА.