|
19.08.2019 | 19:13
3223

Ақмола облысының тұрғындары Сібір жарасы жұқтырылған 10 келі етті жеп қойған

Облыста сібір жарасы жұқтырылған деген күдікпен бес жағдай анықталған

Ақмола облысының тұрғындары Сібір жарасы жұқтырылған 10 келі етті жеп қойған

Ақмола облысында жұқпалы дерт ошағы анықталған Ольгинка ауылында қазір карантин. Оны 15 күннен ғейін ғана ашады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тауар өнімдердінің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің өкілі Зәуреш Жұмаділованың айтуынша, аталған облыста сібір жарасы жұқтырылған деген күдікпен бес жағдай анықталған. Олардың төртеуі зертханалық зерттеумен расталды.

«Ошақ 12-тамыздан бастап өңделді. Аталған бес адамның барлығы да өзінің малын сойған. Атап өту керек, аса қауіпті жұқпаны 99 пайызда адамдар малды сойғанда жұқтырады. Жасыратыны жоқ, ауылдықтар сиырлары ауырғанын біле сала, оны шұғыл сойып, етін сатып жіберуге тырысады. Біз еттің 80 пайызын алдық. Ол етті сатып алып үлгерген азаматтар бар. Оларға күніне екі мәрте барып, дене температурасын өлшейтін боламыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауар мен өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті өкілі Зәуреш ЖҰМАДІЛОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир