ТЖД тауға саяхат жасауды кейінге қалдыруды сұрайды
Алматының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы ТЖД айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыған байланысты төтеншеліктер тауға саяхат жасауды кейінге қалдыруды сұрайды. Ал егер тауға көтерілген болсаңыз, жылы киімдеріңізді, дәрі қобдишасын, GPS навигаторын ала шыққан жөн.
«Таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі бар. Сол себепті Үлкен Алматы көліне жолдың жабық екенін хабарлаймыз. Cпортшылар мен демалушыларды қар көшкініне байланысты ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз», – деді ТЖД Бостандық ауданы басқармасының басшысы Еркебұлан Қасенов.