Шымкентте құс тұмауына қарсы вакцина егу шараларын жүргізу үшін 129 млн теңге бөлінді

22.09.2020 06:49

Елдің солтүстігінде үй мен жабайы құстардың кенеттен қырылуы, басқа өңірдегі жұртшылықты қатты алаңдатуда

Елдің солтүстігінде үй мен жабайы құстардың кенеттен қырылуы, басқа өңірдегі жұртшылықты қатты алаңдатуда. Шымкентте індеттің алдын алып, жаппай вакцина егу шараларын жүргізу үшін қазынадан 129 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Алдын алу жұмыстарын біз толық жүргіздік. Дәрісін бердік. Cолтүстік Қазақстанда облысында болып жатыр ғой. Бүгінгі таңда ол жақта шектеулер қойылды, ол жақтан ешқандай мал шығып жатқан жоқ, өнім шығып жатқан жоқ. Сол себепті Шымкентке келмейді ол ауру. Біз өз тарапымыздан барлық жұмыстарды атқарып қойғанбыз», – деді қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков.