«Дала қыраны-2019»: әлемнің 5 елінен келген әскери қызметкерлер тәжірибе алмасты

russian.news.cn
russian.news.cn
2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жаттығу бес мемлекеттің әскери әлеуетін сарапқа салады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында «Дала қыраны - 2019» халықаралық тактикалық арнайы бітімгерлік оқу-жаттығулары аяқталды. «Іле» оқу орталығының базасында бірнеше күн бойы  Ұлыбритания, Үндістан, Қырғыз, Тәжікстан және Түркиядан келген әскери қызметкерлер тәжірибесін көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бірнеше кезеңнен тұратын жауынгерлерлік жиын 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 5 мемлекеттің әскери әлеуетін сарапқа салған жаттығу ел қорғаушы сарбаздардың тәжірибесін ұштап қана қоймай, халықаралық тұрғыда әскери біліктілігін арттыруға сеп болды.

Оқу-жаттығу аясында қазақстандық бітімгерлер блок-бекеттерде қызмет атқару, гуманитарлық жүктерді алып жүру және жергілікті жерлерде және елдімекендерді барлау, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша міндеттерді пысықтады. Әскери сынақ офицерлер мен сарбаздардың өзара серіктестігін нығайтып, олардың қазіргі заманғы қарулану жүйесіне сай тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік бермек.

«Оқу-жаттығуда біз көптеген жұмыстар істедік: біріншіден, біз штабтағы командирлерге бітімгершілік операциясын дайындау, ол жердің тұрғындарымен қалай танысу керектігін үйреттік, басқа да тапсырмаларды орындауға үшінші ротаның дайындығын бағаладық. Бірақ бұл жерден тоқтап қалмаймыз. Ары қарай жалғастырамыз деп ойлаймыз», – деді оқу-жаттығу шарасын ұйымдастырушылар.

Новости партнеров