Қалаға келген 75 оқушы «Өрнек» лагеріне орналасты
Арыстық балалар Алматыға келді. Оқушылардың алғашқы легін Алматы жұрты теміржол бекетінде қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Цирк әртістері арнайы концерттік бағдарлама қойды, балалар аниматорлар мен голливудтық фильм кейіпкерлерімен ойын ойнап, сыйлықтарын алды.
«Жаттығу жасатты, ән айтылды, бізге ойындар ойнатты. Қызық болды, біз тіпті пойызда қарап тұрғанның өзінде қуандық», – деді балалар бір ауыздан.
Олар бізге неше түрлі аксессуарлар, рюкзактар сыйға тартты. Олар сондай әдемі. Бізді «Қар ханшайымы» секілді мультфильм кейіпкерлері қарсы алып алды», – деді келесі бір арыстық балақай.
Қалаға келген 75 оқушы «Өрнек» лагеріне орналасты. Олар мұнда 3 аптадай уақыт өткізіп, кейін үйлеріне қайтады. Алдағы уақытта тағы 75 жеткіншек сауықтыру орталығына келеді. Игілікті әрі қайырымдылық іс-шараны Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Демалыс орынында ыстық тамақ беріледі, кестеге сай барлық уақыты жоспарланған. Жас өрендер лагерьде демалып қана қоймай, білімдерін де толықтырып қайтады.
«Сол 10 күннің ішінде балаларымыз өте жақсы демалады: тамағы, жатын орындары даярланып, әр күнге жоспар жасалып қойған. Экскурсиялар ұйымдастырылады. Бүкіл осы қаланың жақсы жерлерінің барлығын аралатады. Тамаша табиғатымызды аралатады. Сондықтан балалар 10 күнде жақсы демалып, сауығып қайтады деп ойлаймын», – деді ҚР Парламент Сенатының депутаты Динар НӨКЕТАЕВА.