Алматыда Социалистік еңбек ері Нәдір Биғазиевке ескерткіш тақта орнатылды

16.04.2019 23:49

Алматыда Социалистік еңбек ері Нәдір Биғазиевке ескерткіш тақта орнатылды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Нәдір Жақиянұлы саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнап, үздік шопан атанған адам. 1923 жылы Жамбыл облысының Ақтоған ауылында дүниеге келген.

Ол өзіне жүктелген міндетті асыра орындағаны үшін 1966 жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталса, 1971 жылы Социалистік Еңбек ері атағын алды. Үш ұл, үш қыз тәрбиелеген үздік шопан соңғы ғұмырын Алматыда өткізген. Ескерткіш тақта өзі оншақты жыл тұрған Алматыдағы үйінің қабырғасына орнатылды.

«Әкемізден жақсы тәрбие алдық. Ол кісінің өмірі кітапқа жүк боларлықтай, ұзақ жыр секілді. Қоғамға сіңірген еңбегі, айналасындағыларға жасаған жақсылығы көп. Әкенің жиған абыройы балаға 40 жыл азық болады дейді ғой, соған көзіміз жетті», - дейді Н.Биғазиевтің ұлы Нұрғали Биғазиев.