Алматыда ауған соғысының ардагерлері «Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мұндай құрметке қаланың 10 тұрғыны ие болды. Төсбелгіні мегаполис басшысының орынбасары Арман Қырықбаев табыстады. Ол өз сөзінде барлық ардагерлерді 30 жылдықпен құттықтап, ардагерлерді құрметтеу керегін жеткізді.
«Біз де қарап отырған жоқпыз. Жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде өз үлесімізді қосып келе жатырмыз. Әлі де қоса береміз деп ойлаймын. Біз ол соғысқа марапат үшін барған жоқпыз ғой. Әр жауынгер Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Жауынгер әруақытта өз Отанының қорғаны. Біз өзіміздің интернационалдық борышымызды өтедік», – дейді Алматы қаласы Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының үйлестіру кеңесінің мүшесі Ерлік ӘЛІМҚҰЛОВ.