Чехиядан гуманитарлық көмек келді

21.07.2020 02:48

Көмек «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды

almaty.tv

Бүгін Чехиядағы Қазақстан елшілігінің өтініші бойынша елімізге гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды Almaty.tv

Бірқатар чех кәсіпкерлері пневмониямен ауыратын науқастар үшін оттегі конденсаторлары, қорғаныс костюмдері мен медициналық құралдар жіберген. Чехиядағы Қазақстан елшісінің сөзінше, аталған жабдықтар жергілікті «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды.