Егер олардың кінәсі ділелденсе, олар ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айрылмақ
Алматыда интернет желісін әбден шулатқан оқиға бойынша сот процесі жалғасуда. Естеріңізде болса, былтыр тамыз айында Гагарин даңғылында орын алған жаппай төбелес кезінде ағайынды Әлікеевтер үш ер адамды көлігімен қағып, оқиға орнынан бой тасалаған болатын. Кейін күдіктінің екеуі де ұсталып, қазір сот алдында жауап беруде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл бейнекадрлар әлеуметтік желілерде былтыр 26 тамызда пайда болып, әп-сәтте әлеуметтік желіні шулатып жіберді.
«Сотқа дейінгі тергеуде белгілі болғаны, екі топ көршілес орналасқан екі түрлі кафеде бас қосып отырған. Кейін әдеттегідей сөзбе-сөз түсінбеушілік орын алып, қақтығыс нәтижесінде, екі ер адам рөлге отырып, көліктерін қарсыластарына қарай бағыттаған», - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.
Тергеу бірнеше айға созылды. Ол кезде нақты түсініктеме берген куәлер, неліктен екені белгісіз сотта басқаша сайрап отыр. көп нәрсені ұмытып қалдық дейді.
оқиға куәгері Әнуар ТӘЖІҒҰЛОВ –пен әңгімеміз былай өрбіді:
-Оқиға орын алған кезден бері 5 ай өтті. Мен бұл жайтты мүлде есіме алғым келмейді.
-Сізді қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде ескертті ме, айғақ беру барысында?
-Иә, әрине
-Сіз сол кезде шындықты айттыңыз ба?
Иә, бәрі есімде.
Сол түні Айдана Жаманбекова әлгі ер адамдармен бірге кафеде болыпты. Ол да болған жайттың қалай басталғанын және жәбірленушілерді қандай көлік қаққанын ұмытып қалдым деді.
«Мұнда көрсетіліп тұрғандай, Тойота авенсис, қатты жылдамдықта үш ер адамды қағып кетті деп жазылғанын сөз сөзбе оқып отырмын».
«Мен осындай айғақтар бердім бе? Авенсес автокөлігін көрдім деп?»
«Есімде жоқ қандай жылдамдықта қаққанын, нақты білмеймін».
Енді бір куәгер, сот отырысында жауап бере алмай бастапқыда әбден қиналып, артынан процесс жүріп жатқан тілде сөйлеуден мүлдем бас тартқан.
Жәбірленуші тараптың жалғыз куәсі де, қорғаушылардың сұрағына мардымды жауап бере алмады.
Келесі сот тыңдауы 3 ақпанға белгіленді. Егер ағайындылардың кінәсі ділелденсе, олар ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айрылмақ.
Зере Әмірқызы, Жанат Айтенова, Рашит Шукуралиев, «Алматы» телеарнасы.