Алматы базарларының жабылатыны туралы ақпарат жалған. Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы әлеуметтік желілерде «барахолка» жабылады деп тараған сыбысты жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Десе де жұмысына рұқсат етілген барлық кәсіпкерлік нысандарға санитарлық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған карантиндік талап күшейтіледі. Ведомство басшысының айтуынша, қазір карантин шараларын жеңілдету және бірқатар нысандарды ашуға рұқсат беру арқасында Алматыда 800 мың жұмыс орны қайта жанданған.
«Бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызметі белсенді жұмыс жүргізуде. Егер карантин талаптары бұзылғаны анықталса, иә, ондайда кейбір нысандар жабылуы мүмкін, сондай-ақ ауру жұқтырған адамдар анықталған жағдайда», – деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан ОРАЗАЛИН.