Алматыда кейбір жол учаскілері уақытша жабылады

15.07.2022 23:51

Көшелер желілерді төсеу бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылады

Мир инженера

Алматы қаласында Розыбакиев-Левитан көшелерінің қиылысындағы кейбір жол учаскілері автокөлік қозғалысы үшін жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы қаласының әкімдігі Розыбакиев-Левитан көшелерінің бойындағы желілерді төсеу бойынша жөндеу  жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 18.07-29.07.2022ж. дейінгі аралықта, Розыбакиев-Левитан көшелерінің аумағындағы аулаларға кіру уақытша жабылатынын хабарлайды (сызбаға сәйкес). Қала тұрғындарын мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз», – делінген хабарламада.