Күнделікті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді
Алматыда күн сайын 2 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Қалада қылмыс 34 пайызға азайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар саны 6,2%-ға, оның ішінде көшеде жасалған құқық бұзушылықтар 26,5%-ға азайды.
- Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде жалпы криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қылмыстарды ашу, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау және дер кезінде жолын кесу бойынша жұмыс жақсарды. Қалада барлығы 1 мың 844 патрульдік бағыт әзірленді, оның 468-і автомобиль, 1 мың 294-і жаяу, сондай-ақ 44 стационарлық полиция бекеті бар. Биыл полицияның модульдік бекеттерінде қызмет еткен полицейлер 600-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың мониторингі мүліктік қылмыстардың басым екенін көрсетеді. Олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында жергілікті іс-шара жұмыстары жүргізілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Диас Дуанбеков.
Сондай-ақ полицияда, қала Әкімдігі мен ІІМ қолдауымен полиция бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабықталуы, бейнебақылау жүйесі жетілдіріліп, полиция қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп, сапалы және нәтижелі жұмысқа, сондай-ақ қаладағы қылмыстық жағдайды жақсартуға оң нәтиже бергенін атап өтті.