«Қазақстан халқына» қорынан көмек ала алмаған науқастар кімге өтініш жазады

29.03.2022 23:52

Қор Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған болатын

Almaty.tv

«Қазақстан халқына» қорынан көмек ала алмай жатқан науқастар менің атыма өтініш жазсын. Бұл туралы ел Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол Қазақстан халқына қорынан көмек сұрап, өтініші қанағаттандырылмай, өз ақшаларына емделіп жатқан мұқтаж науқастар менің атыма тікелей өтініш жаза алады деді. Осылайша, бүкіл мәселе мүмкіндігінше сол қорда қаралатынын айтты.  

«Енді өмір болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Өмірдегі әр түрлі жағдайдың бәрін ескере аламыз деп айту қиын ғой деп ойлаймын. Емдеудің стандарттары бар. Соған байланысты аурулардың түрлері де көп екенін жақсы білесіздер. Сондықтан әсіресе қиын емделетін, өте қымбат тұратын ауруларға байланысты, сөз жоқ, Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен осы қор құрылған болатын», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.