Құрмет Талапқазыға «Халық алғысы» медалі табысталды

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жақында қазақ халқы алғыс ретінде қомақты қаржы жинап, оған үй алып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл еліміздің батыс өңірлеріндегі қуаңшылыққа байланысты еріктілерді біріктіріп, сол облыстарға жем-шөп жіберуге айрықша үлес қосқан Құрмет Талапқазы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық алғысы» медаліне ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, халықтың алғысына бөленген Құрмет Талапқазыға марапатты Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев тапсырды.

Құрметтің отаншылдығы жастарға үлгі болатынын айтқан басқарма басшысы оған естелік сыйлық ұсынып, Түркістан өңірінің еңбекқор жұртшылығы игі бастамаларды әрқашан қолдап келе жатқанын атап өтті. Азаматқа елдің ықыласы ерекше екенін жеткізді.

Еске салсақ, қоғам белсенділері әлеуметтік желі арқылы биыл ала жаздай қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына шөп жинап көмек көрсеткен Құрмет Талапқазыға Тәуелсіздік күніне орай құрмет көрсетілуін талап еткенін жазған едік.

Көп ұзамай Ғылым және білім министрлігі Құрмет Талапқазыға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін білім алуға мүмкіндік бергендігі туралы сүйінші хабар келді.

Жақында қазақ халқы алғыс ретінде қомақты қаржы жинап, оған үй алып берді.

Новости партнеров