|
23.10.2023 | 18:52
3854

Алматының кей аймағында суық су өшіріледі

Суық су жаңа су құбырын іске қосуға байланысты өшіріледі

Алматының кей аймағында суық су  өшіріледі Фото: pixabay.com

Алматының бірқатар шағынауданында суық су бірнеше сағатқа өшіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

26 қазанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін Жетісу ауданында, Ангарская (Серіков көшесіне дейін), Ратушный, Обская, Февральская, Қазыбаев көшелерінде (Серіков, Шілдехан көшелері), Алатау ауданында, Қарасу, Өжет шағынауданында, Жетісу ауданындағы Көкмайса шағынауданында, Үлкен Алматы каналы мен Боралдай көшесіне дейінгі аралықтағы Солтүстік айналым көшесінде  орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.

Суық су жаңа су құбырын іске қосуға байланысты өшіріледі.

«Алматы Су» МКК түсіністікпен қарауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Астанада тұрғын үйлерге жылу уақытында берілмеуі мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир