|
22.12.2021 | 18:53
1164

Қазақстандықтар зейнетақы жинағына 160 млн теңгенің үйін сатып алған

2021 жылы сату және сатып алу мәмілелерінің саны өткен жылмен салыстырғанда көбірек болған

Қазақстандықтар зейнетақы жинағына 160 млн теңгенің үйін сатып алған Almaty.tv

Елімізде зейнетақы жинағын пайдалану арқылы сатып алған ең қымбат баспана – 160 миллион, ең арзаны 1 миллион теңге болған. Ол туралы «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Оның айтуынша, 2021 жылы сату және сатып алу мәмілелерінің саны өткен жылмен салыстырғанда көбірек.  

«179 192 мәміле ипотекасыз жасалды, яғни, бұлар – баспананы толығымен сатып алғандар. Мұнда зейнетақы жинағын пайдалану арқылы ең ірі сома – 162 млн 400 мың теңгеге премиум санаттағы тұрғын үй алынған. Ең төмен мәміле құны 1 миллион теңгеге жуық. Бәлкім, бұл ауылдық жерде немесе аудан орталығында тіркелген шығар», – деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Бұдан бөлек, енді зейнетақы жинағының шекті мөлшерінен асатын ақшаға жер телімін сатып алуға болады. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұған дейін зейнетақы жинағының қаржысына жекеменшік үй салуға рұқсат берілген. Алайда салымшылардың көбісі үй салу үшін алдымен жер телімін сатып алу қажеттігін айтқан.  

«Міне, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану аясында жер телімін сатып алу мүмкіндігі беріліп отыр. Жерді екі мақсатта: жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа ғана алуға болады. Екі жылдың ішінде үй салып, банкке тиісті құжаттарды жіберу керек. Екі-ақ құжатты жіберу керек. Біреуі – үйді пайдалануға беру актісі, екіншісі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық пен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама. Ал екі жылдың ішінде үй салынбаса, ақшаны қайтаруға тура келеді. Алайда құжат рәсімдеу жағынан қиындықтар туындаған жағдайда, қосымша уақыт берілуі мүмкін», – деді Ләззат Ибрагимова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир